Қарасайлық ардагерлер де көрмені  тамашалады

Қарасайлық ардагерлер де көрмені  тамашалады

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жақында  Қарасай ауданының бір топ ардагерлері, аудан әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласына сапар шегіп, ондағы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін тамашалады. Бұл қоғам өмірінің әр саласында сан жылдар тынбай еңбек етіп, бүгінде бейнетінің рахатын ғана көрмей, еселі еңбектерінің нәтижесінде ел құрметіне бөленіп отырған, сонымен қатар, әлі де қоғамдық ұйымдарда жұмыс істеп жүген зейнеткерлер арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, 1945 жылы 9 мамырдағы Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына, сондай-ақ, осындай парадқа тағы үш рет қатысқан қаскелеңдік қария, 96 жастағы Федор Маркиянович Федотов та бар.

  • Бізге, әсіресе, Қазақстанымыздың мәңгілік ел екендігін дәлелдейтін павильоны мәртебемізді өсіріп, туған елге деген мақтаныш сезіміне бөлегенін айтуға тиіспіз. Сондай-ақ, біз барған күні «ЭКСПО-да» өтіп жатқан Қытай елінің ұлттық күні жақсы әсер қалдырды. Павильонда соңғы жылдары қол жеткен ғылыми-техникалық жетістіктері қайран қалдырды. Сапарымыздың бірінші күні «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін тамашаласақ, екінші күні Астананың көрікті жерлерін – Елордамыздың символына айналған «Бәйтерек» монументін, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін, «Океанариумды» араладық. Одан алған әсеріміз өте мол, – дейді осы топта болған Қарасай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Өтесін Құбиев.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Қыдыралиев ұйымдастыруға ұйытқы болған бұл сапарда қарттардың қасында аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Г.Теженбаева мен аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем бөлімінің фельдшері Ә.Жұманов бірге жүріп, қызмет көрсеткенін де айта кеткен жөн.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях