Қарасай ауданының Құрметті азаматы Жылқыбек Жанқойлықов өмірден өтті

Қарасай ауданының Құрметті азаматы Жылқыбек Жанқойлықов өмірден өтті

Қарасай ауданының Құрметті азаматы, осы ауданға еңбегі сіңген Жанқойлықов Жылқыбек Көжекбайұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жылқыбек Жанқойлықов 1945 жылы 21 желтоқсанда Қаскелең қаласында дүниеге келген. Талғардағы ауылшаруашылық  техникумын, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақ егін шаруашылығы институтында лаборант болып бастаған. Одан кейін Іле ауданында агроном, «Жетісу» кеңшарында бас агроном, осы кеңшарда партия комитетінің хатшысы, «ХХІІІ партсъезд» кеңшарының директоры болды.

1996-2001 жылдары аралығында Райымбек ауылдық округі әкімі лауазымында еңбек етсе, 2001-2007 жылдары Қарасай ауданының мемлекеттік жер-кадастры филиалының директоры қызметін атқарған. 2008 жылы зейнеткерлікке шықты.

Жылқыбек Көжекбайұлы – Қарасай ауданының Құрметті азаматы, «ҚР Құрметті жерге орналастырушы» алтын медалінің, тың иегерудің 50, 60 жылдығы медальдарының және басқа да көптеген марапаттардың иесі.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях