Қарасай ауданының электр жүйесіне жаңа басшы тағайындалды

Қарасай ауданының электр жүйесіне жаңа басшы тағайындалды

Қарасай ауданының электр жүйесіне жаңа басшы тағайындалды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ төрағасының бұйрығымен Дүйсенов Мәди Манарбекұлы Қарасай электр тораптарының аудандық басшысы лауазымына тағайындалды.

Мәди Манарбекұлы – Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Ақтерек ауылының тумасы. 1992 жылы дүниеге келген. 2013 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетін «электроэнергетика», 2015 жылы Томск мемлекеттік университетін «радиоэлектротехника және басқару жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да диагностика басқармасының инженері болып бастаған. 2022-2024 жылдары электр жабдықтарын жөндеу цехының басшысы қызметін атқарған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях