Шамалған ауылдық округінің аумағында орналасқан «Зоренька», «Алатау Байконур», «Геофизик», «Дорожник», «Автомобилист», «Монтажник» деп аталатын бау-бақша серіктестіктерінің құрылғандарына биыл 35 жыл толды. 20 га жер телімін алып жатқан бұл ортаның 2,380-і біздің тақырыбымызға арқау болып отырған «Автомобилист» саяжайына тиесілі. Тұрмыс-тіршілігі қалыптасқан, татулығы жарасқан мұндағы көршілердің алдағы арманы – бос жатқан 10 сотық жерге балаларға арналған ойын алаңын салу. Әрине, оны заң тұрғысында жүзеге асырғылары келеді. Дегенмен оған қатысты түйіткілді мәселе туындағанын да ескерген жөн. Осы ретте Ербол Сәлімбаев бастаған саяжай тұрғындары заңгерден кеңес алуды жөн санады. Оларға Алматы облысы Заң консультанттары палатасының заң консультанты Нұрлан Толынбеков мән-жайға қатысты ойын жеткізіп, заң тұрғысынан көмегін көрсетті. Оның айтуынша, саяжайлардың барлығы заңды тұлға болып табылғандықтан, олардың ішкі мәселелері өздерінің Жарғысына байланысты шешіледі. Яғни, жергілікті атқарушы органдар араласа алмайды. Ал жоғарыда атап өткен қараусыз жатқан жер телімдерінің тиісті құжаттарын сот арқылы ғана бұзуға болады екен. Ол үшін нақты қадамдарды жасуы тиіс.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать