Қарасай ауданында мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті

Қарасай ауданында мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті

Қарасай ауданының мәслихат депутаттары бүгін алғашқы сессияларына қатысты. Халық қалаулылары төсбелгілерін тағып, куәліктерін қолдарына алды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін VIII шақырылған аудандық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті. Аудандық әкімдікте өткен жиынға жаңадан сайланған қарасайлық халық қалаулыларынан бөлек, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов те арнайы қатысты.

Жиында алдымен Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалия Аманова сөз сөйлеп, 2023 жылдың 19 наурызында өткен аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын таныстырды. Одан кейін қарасайлықтар сенім білдірген аудандық мәслихат депутаттарына тиесілі куәліктер мен төсбелгілерін табыстады.

Сессияның тағы бір маңызды сәті – аудандық мәслихат төрағасын сайлау. Күн тәртібіндегі дәл осы мәселеге қатысты Қарасай аудандық мәслихатының «AMANAT» партиясы фракциясының төрағасы Қаныбек Айтжанов пен «Ауыл» партиясы фракциясының төрағасы Орынбай Жанәділ пікірлерін білдіріп, жоғарыда аталған лауазымды бұрын да атқарған Бауыржан Айнабековті ұсынды. Айтылған бұл ортақ ойлар көпшіліктің қолдауына ие болды. Осылайша сессиясының жұмысын ары қарай аудандық мәслихаттың жаңа төрағасы Бауыржан Бақтыбайұлы жүргізіп, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының тізбесі мен саны, сол тұрақты комиссияларының төрағаларымен мүшелері, мәслихат депутаттарының фракция құрамын бекіту туралы мәселелерді атап өтті. Барлығының шешім жобасы депутаттардың бірауыз қолдауымен бекітілді.

Сессияның соңында Қарасай ауданының басшысы Жасұлан Тоққожаұлы сөз сөйлеп, жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттарын құттықтады. Аудан әкімі әрбіріне сенім білдіріп, оларды билік пен халық арасында көпір болуға шақырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях