Қапшағайға ресми түрде Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді

Қапшағайға ресми түрде Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді

Қапшағай қаласы енді Дінмұхамед Қонаев қаласы деп аталады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихаты отырысы өтіп, бұл жиында Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту мәселесі бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың баяндамасы тыңдалды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту туралы шешім бірауыздан қабылданды.

«Қоғамдық бірлестіктерден әкімнің атына қаланы қайта атау туралы хаттар келіп түсті. Олардың арасында мүгедектер, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, түрлі этномәдени орталықтар мен партиялар бар», – деп атап өтті Шәйкенова.

Еске сала кетсек, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында егер халық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беруді ұсынса, ол мұны қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях