«Апорттағы» шырша мейрамы балаларды шаттыққа бөледі 

«Апорттағы» шырша мейрамы балаларды шаттыққа бөледі 

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл да, жылдағыдай аудан әкімі Махаббат Бигелдиев балдырғандарға қуаныш силап «Апорт моллында» шырша мерекесін өткізді. Жаңа жылға жарқырай жиналған балаларды алдымен күлегеш сайқымазақтар қарсы алып, жеңіл әзіл-оспақтары арқылы жаңа жылдың мән-маңызымен таныстырып, мерекеге қатысушыларды қызықтыра түсті.

Көп күттірмей аудандық мәдениет бөлімінен келген Қарша қыз бен Аяз ата да ортадан табылып, өлең-тақпақ айтып берген балаларға тәттілерін үлестірді. Аудандық білім бөлімі бақармасы ұйымдастырып отырған бұл шараға ауданымыздағы барлық мектептен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 80 оқушы қатысты. Одан соң, оқушыларға силық тарту етілді де «Апорт моллындағы» ойын алаңына билеттер таратылып, тамақтандырылды.

Оған қоса, аудан әкімі аталмыш сауда үйінде жаңадан ашылған «Сулпак» пен «Магнум» сынды сауда орталықтарын аралап шықты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях