Апортта өрт-тактикалық жаттығулары өтті

Апортта өрт-тактикалық жаттығулары өтті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жақында ғана Ресейдің Кемеров қаласындағы «Зимняя вишня» үлкен ойын-сауық кешені отқа оранып, тілсіз жаудың зардабынан 64 адам қаза тапқан болатын. Осыған орай, еліміздің барлық үлкен ойын-сауық кешендерінде төтенше жағдайға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгін Алматы қаласы және Қарасай ауданының тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған «Апорт» ойын-сауық орталығының аумағында жоспарлық тактикалық оқулар өтті.

Жоспарға сәйкес, тактикалық жаттығулар «Funky Town» балалар ойын-сауық орталығында басталатыны ойластырылды. Іс-шара барысында Қарасай, Іле, Жамбыл аудандарының өрт сөндіру мен апатты-құтқару жұмыстары бөлімінің қызметшілері және ойын-сауық орталығының күзетшілері мен жұмысшылары бірлесе тізе қосып, өзара әрекеттестіктерін нақтылай түсті. Сонымен қатар, онда тілсіз жауға қарсы қызметтің штабы құрылды. Ең алдымен, арнайы жасақ сауда кешенінің тұрағында сапқа тұрып, өздерінің өртке қарсы техникаларын дайындауға кірісті. Ал, жүзеге асырылатын жұмыстар жайында Қарасай аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы Айтуған Утепов мәлімдеді.

Сонымен жаттығу барысында сценарии бойынша «Funky Town» балалар ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған өрттен, ғимараттың ішіндегі барлық демалушылар мен қызметкерлерін дер кезінде сыртқа эвакуацияланып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орталықтың ішінде қалып кеткен, «жараланған» адамдарды сыртқа шығарып, жедел медициналық көмек көрсетілді. Нысанда болып жатқан тілсіз жаудың алдын-алу үшін мамандар арнайы сатымен ғимараттың үстіңгі жағына шығып, шатырдағы өртті сөндіру жұмыстарын жүйелі орындады. Орталықтың күзет қызметі өрт туралы дер кезінде хабарлауды да ұмытпады. Ал, аудандық күштік құрылымдардың барлығы уақытылы жетті.

Жалпы, «Апорт» сауда және ойын-сауық кешенінде өтіп жатқан өрт-тактикалық оқу жаттығуының мақсаты – өрт бола қалған жағдайда, оның алдын-алып, қиындыққа тап болған адамдарға тілсіз жауға қарсы қалай қарекет жасауын түсіндіріп, оларды сабырға шақыра отырып, шұғыл түрде іс-қимылдар ұйымдастыру болатын. Бұл жаттығулар кезінде ойын-сауық орталығының қызметкерлері төтенше жағдай орын алған кездегі өз міндеттерін жақсы білетінін дәлелдеді. Негізі бұл нысанның өзі де барлық  техникалық талапқа сай жабдықталған. Өйткені, шығу есіктерінің барлығы сыртқа ашылады, құлыпталмаған. Кино залында отырған демалушылардың қосалқы шығу есіктері де қарастырылған.

Орталықтың ішінде сумен қамтамасыз етілген 229 шүмек орналасқан. ОП-5 маркалы 650 өрт сөндіруші құралдары мен автоматтандырылған сигнал құралдары бар. Орталықтың сыртында өртке қарсы сумен қамтамасыз ететін 24 өрт сөндіру гидранттары мен көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын 2 су қоймасы орналасса, ғимараттың шатырына су жеткізетін 5 құбыр бар. Бұдан бөлек, бұл нысан жеке «Зил-4314» үлгісіндегі өрт сөндіруші АЦ-2\40 автомобилімен де қамтамасыз етіліп, күнделікті кезекшілікке өртті сөндіру, ғимараттан адамдарды дереу шығаратын кәсіпқой 15 адамы жұмысқа шығады.

Аудандық өрт сөндіру бөлімі басшысы А.Утеповтың айтуынша, бұл тактикалық оқу жаттығуына 40 өрт сөндіруші мен барлығы 7 техника, атап айтқанда, 1 арнайы сатысы бар және 6 цистернасы бар көлік жұмылдырылыпты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях