«Анашым, біз үйдеміз» тележобасы көрермендерге жол тартты

«Анашым, біз үйдеміз» тележобасы көрермендерге жол тартты

Sorry, this entry is only available in Русский.

Таяуда Қазақстан бойынша көп балалы отбасылардың баспаналарын тегін жөндейтін «Анашым, біз үйдеміз» атты тележоба басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылмы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда көптеген отбасылар әсіресе көп балалы жанұялардың өзекті мәселелердің бірі ол пәтер және жөндеу мәселелері. Себебі әдетте, мұндай отбасылардың өз тұрғын үй жағдайларын балаларына ыңғайлы етіп жақсартуға қаржылай мүмкіндіктері жоқ. Осы ретте «31 арна» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен біріге көпбалалы отбасыларға қадам жасап, әрбір отбасы мүшесінің өмір сүру ерекшеліктеріне сай, жайлы және заманауи тұрғын үй жайлы армандарын іске асырмақ. Аталмыш бағдарлама барысында мамандар миллиондаған телекөрерменнің көз алдында қарапайым пәтерлер мен үйлерді толық жаңартып, көпбалалы отбасылардың өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналдыратын болады. Жобаны іске асыру үшін мемлекеттен 130 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы жылдың соңына дейін есептелген. Қалған жетіспеген қаражатты арна басшылығы өзі қосады.

– Бағдарламаға қатысу үшін отбасында 4 және одан көп бала болуы керек. Олар «31» телеарнаға өтініш береді. Арнадағы комиссия мүшелері ақылдаса келе, тиісті шешімді қабылдайды. Біз телеарнаға толығымен сенеміз. Жоба аясында 24 отбасының үйі жөнделеді. Сондай-ақ, тележоба Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларын ғана емес, барлық өңірді де қамтиды. Егер отбасының тарихы, жазған хаты телеарнаның редакциясына ұнаса, түсіру тобы ауылдарға да барады, – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаев.

«31 арнаның» бас директоры Юрий Бродскийдің айтуынша бүгінде әлеуметтік маңызы бар «Анашым, біз үйдеміз» тележобасы 24 бөлімнен тұрады. Бағдарлама Қазақстанның барлық өңірінде түсіріледі, яғни жобаға 24 отбасы қатысатын болады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама алдағы уақытта да одан әрі жалғасын табатындығың айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях