Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше америкалық инвесторлар Қазақстанда агробизнес саласында зауыттардың құрылысын бастайтын болады. Нақтырақ айтқанда, алдағы жылдары Алматы облысында ет өңдейтін ірі кешен салынбақ, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Алматы облысында АҚШ-тың «Tyson Foods Inc» компаниясымен бірлесіп ет өңдейтін зауыт салынады деп күтілуде. Комбинатты іске қосу есебінен 20 мыңға жуық жұмыс орны пайда болады. Кәсіпорынның құрылысы үшін Сарқан ауданында жер телімін беру жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл жобаны Қапшағайдың жанындағы «Арна» индустриялық аймағында іске асырылмақ.
Сонымен қатар, осындай кәсіпорындардың бірі – Қарағанды облысында пайда болатыны белгілі болды. Жобаны іске асыру 124 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ал, Балқашта ет комбинаты пайда болады деген болжам бар. Бой көтеретін зауытқа арналған жер телімдерін анықтау мәселесі әлі пысықталуда, құжаттарды дайындау жүргізілуде. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдарға жоспарланып, 2 мың адамды жұмыспен қамти алады.