Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында, жуырда жаңадан ашылған «Social center» әлеуметтік орталығында сайлауға мониторинг жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебін берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
[su_custom_gallery source=»media: 10421,10419″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жиын барысында азаматтық платформа штабының жетекшісі Қайрат Темірғалиұлы сайлаудың заңды әрі әділетті өтуі қатаң түрде қадағалану үшін Алматы облысы бойынша 25 мобильді капитандар мен 1040 тәуелсіз бақылаушылар бекітілгендігін айтты. Сондай-ақ, «Аманат» азаматтық платформасының Алматы облысы бойынша барлық аудандар мен қалаларда сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушылармен қамтылатындығын да айтып өтті. Сонымен қатар, ол басқосуда штаб мүшелері 17 аудан мен 3 қалада, сондай-ақ, Жетісу мемлекеттік университетінің белсенді жастарымен осы тақырыпқа байланысты тренигтер мен кездесулер өткізгендігі жайлы да кеңінен әңгімеледі.
Тағы бір айта кетері, платформа мүшелері бас қаламыз Нұр-Сұлтандағы штаб мүшелерімен онлайн конференция және Президенттікке үміткер 7 партияның штаб-пәтерімен кездесулер өткізді.