Қамқоршылар күні қарсаңында  

Қамқоршылар күні қарсаңында   

Қазанның жиырма тоғызы  Қамқоршылар күні. Бүгін осы атаулы күнге орай ауданымыздағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балғындарды бауырына басқан азаматтар марапатталып, еңбектері еленді.  Нақтырақ айтқанда, аудан әкімінің орынбасары,  аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, Айжан Нұрділдәқызы бірқатар отбасылардың үйлеріне арнайы барып, құттықтады, деп хабарлайды   karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Тағдыр тауқыметін ерте тартқан баланың күтімі қамқоршыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өмірдің ауыр жүгін арқалап, сәби шағынан ата-анасыз қалған балаларды бауырына басқан мына мейірімді жандардың игі істері нағыз ерлікпен пара-пар. Олар жетімдерге жан жылуын төгіп, тәрбиелеп келеді. Атаулы күнге орай бұл азаматтарға және сол отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға ауданда орналасқан «Якар» кондитерлік фабрикасы, «Жер-Ана» базары,  «Aport MALL» ойын-сауық кешені сынды кәсіпорындардың қолдауымен азық-түлік және тәттілер салынған себеттер,  Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл – еңбегі еленген азаматтарға деген ізглік пен құрметтің белгісі.

Аталған шара аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мен аудандық Жастар ресурстық орталығы, аудандық қамқоршылық және қорғаншылық кеңесінің  ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях