Алтын медаль алған жас аспаз

Sorry, this entry is only available in Русский.

Өткен жыл «Khama Park» мейрамханасының жас аспазы, 21 жастағы Жасұлан үшін де жағымды жаңалықтарға, жарқын жетістікке толы жақсы жыл болды. Олай дейтініміз, ол мамыр айында Минск қаласында өткен кулинариялық өнер бойынша өткен халықаралық байқауға қатысып, Грамотамен оралған еді. Ал, жақында Жасұлан Астана қаласында өткен «World skills Kazakhstan» республикалық сайысында топ жарып, алтын медальды қанжығасына байлапты. Жарысқа жас аспаздың басшысы Серікхан Әділханов бірге барып, рухани демеп, қолдау көрсетіпті. Аталған байқауда Швеция, Ресей, Украина, Белоруссия сияқты елдерден және өзімізің әр өңірінен жиналған 14 кулинар бақ сынасқан екен.

  • Бағдарламаға сай, сұйық тамақ, қою ас және ас басытқы дайындауымыз керек болатын, – дейді Жасұлан өз сөзінде. – Мен біріншіге жұмыртқа мен сүт қосылған еуропалық вегетарияндық «Оволокта» сорпасын, екіншіге, ешқандай қоспасыз, балық пен көкөністен құралған еуропалық тіске басар «Теринді» пісірдім. Ал, ас басытқы ретінде сүзбеден жасалған, шоколад пен карамельмен көмкерілген, әдемі раушан гүлін бейнелейтін тәттіні ұсындым. Осы талпынысым мен қолымнан шыққан тамақтың дәмі қазылар алқасының көңілінен шыққан болуы керек, бірінші орынды иеленіп, алтын медаль тағып қайттым.

Қазіргі таңда Жасұлан Есмұратов кулинарлық шеберлік бойынша, Абу-Дабида өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде. Жер бетіндегі 70 елден келіп бақ сынайтын аспаздар арасында Қазақстан атты бейбіт мемлекетіміздің намысын қорғайтын жерлесіміздің бұл сайыста да жұлдызы жанатынына сенім мол.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях