Алматыдағы госпитальді салуға 5,5 млрд теңге жұмсалмақ  

Алматыдағы госпитальді салуға 5,5 млрд теңге жұмсалмақ   

Жаңа нысан туралы ұйымдастырылған пресс-тур барысында «BI Group Almaty» компаниясының директоры Айдос Мұқатаев Алматыда коронавирусқа қарсы салынып жатқан жаңа госпитальдің құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінетінің айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

– Алматыдағы құрылыс жобасының құны 5,5 млрд теңге шамасында. Біз Openbook жүйесімен жұмыс жасаймыз. Онда барлық шығындар көрсетілетін болады. Қазір әлемдік аудиторлық компаниялардың Big Four төрттігінің қай серіктестікпен жұмыс жасайтынымызды анықтап, келісімшарт жүргізіп жатырмыз. Бұл жобаның өзіндік құнының аудиті мен операциялық бақылау қамтамасыз етіледі дегенді білдіреді. Біздің ұсынысымызды Deloitte, PricewaterhouseCoopers қабылдады, – деді Айдос Мұқатаев.

Қазір Алматыдағы госпитальдің құрылысына 298 адам, 44 техника жұмылдырылған. Құрылыс қызған кезде жұмысшылар саны 500 адамнан асатын болады. Құрылысшыларға 600-700 орынға арнайы хостел жолданып, тамақтандыру үшін 10 шатыр дайындалған. Бұл жерде жұмыс тәулігіне 24 сағат жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 25 сәуірде аяқтау жоспарланған.

Айта кеткен жөн, жаңа госпиталь Алатау ауданында бой көтереді. Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтау тапсырылды. Қала әкімі мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеген еді.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін мұндай нысандар Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында да салынады.

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях