Бүгін Алматы қаласындағы Республика алаңында тіркелмеген демократиялық партиян митинг өткізді. Алаңда Жанболат Мамай және оның жақтастары жиналды. Олар Қазақстанда қытайлық 56 зауыттың салынуына қарсы екендерін жеткізді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы holanews.qaz әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
Олардан бөлек алаңда журналистер мен полиция қызметкерлері болды. Полиция наразылық акциясын ұйымдастырушыларға митингтің заңсыз екенін ескертті. Алайда, жиналған оларға «Біз тарамаймыз!» деп жауап берді. Митингке қатысқандар елімізде қытайлық 56 зауыттың салынуына қарсы екендерін жеткізді.