Алматыда суррогат ана мүгедек болып қалды  

Алматыда суррогат ана мүгедек болып қалды   

Алматыда суррогат ана мүгедек болып қалды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы «Жетінші арнадағы» «Оян, Qazaqstan» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бағдарлама мәліметінше, Надежда есімді тұрғын коронавируспен ауырып шыққан. Ол үш баласын ешкімге қаратпай өзі асыраған. Тек өзінікі болса да, құлайын деп тұрған үй арқасына аяздай батқан көрінеді. Сондықтан Надежда үлкен тәуекелге бел байлаған.

«Бала сүйе алмай жүрген таныстарым бар, мысалы, олар менің балаларымды көргенде қызығатын. Әуел баста, егер қолымнан келсе, неге тәуекелге бармасқа деп ойладым. Екінші жағынан, егер ондай адамдар маған ақша төлесе, ескі үйімді жөндегім келді, болмаса жаңа үйге көшемін деп ойладым. Міне, бар ойым осы еді», – дейді Надежда.

Оның бұл ойын білген бір танысы суррогат ананы тауып беретін агенттік туралы айтқан. Надежда туатын баланың әке-шешесі тез табылыпты.

«Мен жай бір бағдарлама арқылы таптым. Бала сүйе алмай жүрген отбасы бар деді, «тамаша» деп келістім. Бес ай бойы бәрі тамаша болды. Бірақ, ақыры…», – дейді Надежда.

Ақыры Надежда коронавирус жұқтырып алған. Дәрігерлер қатты ауырмаған соң, бірінші үйде емдел деген. Кезекті анализге келген кезде, бақылаған дәрігер оны шұғыл түрде операцияға жатқызған. Коронавирус аяғы ауыр келіншектің өкпесін ғана зақымдамаған екен.

«Операциядан кейін операция болды. Дәрігердің айтуынша, менің бүйрегім де, бауырым да істен шығыпты. Өкпем 92 пайыз зақымданған. Сол күні 2 литр қан жоғалттым», – деді Надежда.

Дәрігерлер не Надежданы, не іштегі егіз екі баланы құтқаруы керек болған. Суррогатты ана бол деген отбасы дәрігерлерден Надежданы аман алып қалуды сұраған. Ең қиыны, Надежда бес ай көтерген екі баласынан да, енді ана атану бақытынан да айырылған.

Бүгінде Надежда әлі емделіп жүр. Ол халықтан ақшалай көмек сұрап отыр. Үш келіден ауыр дүние көтеріп, қатты қозғала алмайды. Надежданың айтуынша, суррогат ана болуға келіскен отбасы шамамен төрт миллион теңге төлеген.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях