Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа омикрон штамы табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Қаулы шарттары мынадай:
- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;
- қоғамдық орындарға, оның iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде («қызыл» статус) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» статус) – 14 күн iшiнде өзін оқшаулау режимі.
15 қаңтардан бастап Ashyq-та «жасыл» мәртебесі барлар ғана спорт орталықтарына, моншаларға, сауналарға кіре алады.
Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан, мына тыйым салынады:
- концерт залдары, театрлар, цирктер, филармониялар қызметіне;
- ұжымдық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- жаңа клубтар, барлар, караоке жұмысына.