Алматы қаласында жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін автокөліктер қозғалатын кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.
– @Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар, – деп жазды қала басшысы.
Айта кетейік, қала өміріндегі өзгерістер туралы ақпарат бүгін кәсіпкер Асқар Байтасов Twitter-де жарияланған еді. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер ақпаратты алдымен жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.