Алматы әуежайына 22,6 млрд теңге шығын келді

Алматы әуежайына 22,6 млрд теңге шығын келді

Қазақстанның ірі әуежайындағы алдын ала шығын шамамен 23 миллиард теңге болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. 

Белгілі болғандай, 5 қаңтарда күні кешкі уақытта наразы топ әуежайға басып кірді. Өртенген автомобильдер мен әуежайдың қираған залы бейнеленген видео әлеуметтік желілерде жаппай таралды. Сол сәтте ғимаратта болған жолаушылар эвакуацияланды.

Алматы әкімдігінің алдын ала есебі бойынша, халықаралық әуежайға 22,6 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген.

13 қаңтардан бастап әуежайдың жұмысы қалпына келе бастады.

19 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях