Алматы облысындағы Алматы-Талдықорған-Өскемен республикалық тас жолында жол белгілерін жаңарту және қолдану жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Тәжірибе ретінде жолдың ортасына қос сары түсті жолақ сызылды.
Облыстық ПД Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Серікжан Әбжановтың айтуынша, бұл таңба жүргізушілердің назарын шоғырландыруға мүмкіндік береді, осындай жағдайда түнгі және жауын-шашын секілді ауа-райы нашарлаған кезде жол қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатуға болады.
Айта кетейік, сары түстің қолданылуы заңнамалық актілердің талаптарына қайшы келмейді.