Алматы облысының әкіміне енді тікелей хат жаза аласыз

Алматы облысының әкіміне енді тікелей хат жаза аласыз

Sorry, this entry is only available in Русский.

Алматы облысының әкімі әлеуметтік желіге тіркелді деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қарапайым халықтың қажеттілігінен құлағдар болу, елге не керек екенін білу үшін әкімдер қоғаммен етене жақын араласуының қажеттілігі мол.
Аймақ тізгінін ұстап отырған басшылар халыққа жылына бір рет есеп берумен ғана шектелмей,  жұртшылықпен тұрақты түрде жолығып, тұрғындармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы зор. Халықтың арыз-шағымын елеп-ескеріп әрі  басты назарға алу үшін әлеуметтік желілердің мүмкіншілігі жетерлік. Осыны басты назарға алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  Facebook әлеуметтік желісінде парақшасының ашқанын алғашқы жазбасында жария етті. «Құрметті жетісулықтар! Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің әлеуеті күн санап артып келеді. Сондықтан «Facebook» желісінде парақша аштым. Бұл парақша жаңалықтармен бөлісуге, сіздермен конструктивті диалог құруға мүмкіндік беретін тың тәсілдің бірі болады деп ойлаймын», – делінген облыс басшысының жаңа ашылған парақшасында.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях