Алматы облысында судья кеңсесінде тінту жүргізілді

Алматы облысында судья кеңсесінде тінту жүргізілді

Алматы облысы судьяларының бірінің кеңсесінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпарат жайлы Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу шаралары 21 желтоқсанда Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьясы кеңсесінде жүргізілген.
– Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі қызметкерлері Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, Алматы облысы экономикалық сот судьясының қызметтік кеңсесінде тінту іс-шараларын жүргізді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды, – деді Жұмақсанов.
«Время» газетінің мәліметінше, іс судья Алмагүл Түменбаеваға қатысты. Газет мәліметіне сүйенсек, ол 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

«19 желтоқсанда Жоғарғы Соттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен ішкі қауіпсіздік бөлімі 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясын әшкереледі. Бұл ақшаға ол апелляциялық сатыда өз шешімін күшінде қалдыруға көмектесуі керек болған», – деп жазды газет.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях