Алматы облысында несиесі кешірілетін отбасылар анықталуда  

Алматы облысында несиесі кешірілетін отбасылар анықталуда   

Sorry, this entry is only available in Русский.

Алматы облысында несиенің кешірілуінен үмітті жанұялардың қаржылық жағдайын саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz   желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Жетісу өңірінде  мемлекеттік көмекпен қатар тұрмысы төмен және көпбалалы аналарды  қолдау мақсатында  «Әлеуметтік жол картасы» әзірленген. Соның аясында облыстағы 40 мың отбасыға жан-жақты көмек көрсетіліп отыр.   Қазір сол отбасылардың қаржылық жағдайын арнайы жұмыс тобы зерделеп жатыр. Яғни, талаптарға сәйкес келген жанұялардың банктерден алған несиелері кешіріледі. Алматы облысына қарасты   Алакөл ауданындағы жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аймақтарындағы тұрғындардың несиелерін төлей алмай отырған отбасылардың тізімдерін жасауды бастап үлгерген.   Қазіргі кезде бұл аймақта әлеуметтік көмек алатын 1042 отбасының ішінде несиесі бар отбасылардың қандай несие түрлерін алғандығы жөнінде ауылдық округ мамандарына тапсырма беріліп, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 113 отбасының несиесі бойынша тізімдері алынып, несиесінің орташа мөлшерлері 300-500 мың теңге көлемінде екені анықталды. Осындай жұмыстар Алматы облысының барлық аймақтарында жүргізілуде

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях