Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Комирнатимен» вакцинациялау пункттері («Pfizer») туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Талдықорған қаласына жасөспірімдерге арналған коронавирус инфекциясына қарсы «Комирнати» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Арнайы жабдықталған көлікпен Облыстық қан орталығындағы қоймаға 46800 доза вакцина қойылды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы келіп түскен екпелерді ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап облыстың қалалары мен аудандарына жедел түрде жібереді.
Бұл аталған тиісті контингенттер егілетін адамның не оның заңды өкілдерінің ерікті түрде хабардар етілген келісімінен кейін қаланың медициналық ұйымдарында және білім беру мекемелерінде егілетін болады.
Жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды және жасөспірімдерді вакцинациялауға бастапқы медициналық-санитариялық көмектің аумақтық медициналық ұйымдары арқылы жүргізіледі.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Комирнати» вакцинасын алуға болатын медициналық ұйымдардың тізімі ұсынылды. Олар төменде көрсетілген:
- № 1, № 2 Талдықорған қалалық емханалары;
- «ХАК», «Нур-Авиценум» жеке медициналық орталықтар;
- 17 аудандық орталық аурухана;
- Қапшағай және Текелі қалаларының ауруханалары;
- Қарғалы, Шелек, Боралдай ауылдарындағы аудандық ауруханалары.
Алынған дозалар тек 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді, босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап емізетін аналарды, сондай-ақ, 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауға арналған.
Бүгінгі күні Алматы облысында «Комернатимен» («Phizer») 225 810 адам вакцинациялауға жатады. Оның ішінде 12-17 жастағы балалар – 147 000, жүкті әйелдер – 34 510 (жүктілік мерзімі 16-37 апта), лактация кезеңіндегі әйелдер (бала туған сәттен бастап 42 күннен кейін) – 44 300.