Алматы облысында ірі жел электр станциясы пайдалануға берілді

Алматы облысында ірі жел электр станциясы пайдалануға берілді

Алматы облысының Шелек дәлізінде қуаттылығы жылына 50 МВт болатын жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) іске қосылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аталған жаңа жел электр станциясы электр қуатының тапшылығын азайтуға көмектеседі.

Жоба аясында даниялық «VESTAS» компаниясы шығарған озық технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, 25 мұнара орнатылды. Компания 75 жылдан астам тәжірибесі бар жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Жел электр станциясының жалпы құны – 12,67 млрд теңге. Құрылыс 2019 жылы басталғанымен, бірақ пандемияның салдарынан құрылысы тоқтатылған. Бірақ 2021 жылы жұмысы қайта жанданды. Компания бекітілген өндірістік кестеге сәйкес құрылымдардың құрылысын және басқа да жұмыстарды белсенді түрде жалғастырды.

Жоба Энергетика министрлігінің энергия өндіруші ұйымдарының тізіміне енгізілген.

Бұл жобаны мамандарының жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ұқсас жобаларды іске асыруда және іске қосуда 10 жылдан астам табысты тәжірибесі бар қазақстандық «Жерұйық-Энерго» ЖШС компаниясы жүзеге асырды.

Осы ретте айта кету керек, «KAZAKH INVEST» көмегімен «Жерұйық-Энерго» преференциялар алу үшін инвестициялық келісімшартқа қол қойды. Аталған жобаны жүзеге асыру айтарлықтай қосымша энергия өндіруші қуаттарды іске қосу арқылы Алматы облысында электр энергиясының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях