Алматы облысында балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді

Алматы облысында балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, оның барысында Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейн инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы сәуәр айының бесі мен маусым айының бесі аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалғандығы туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Инспекциясы басшысының орынбасарының айтуынша, инспекцияның қарамағына Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және оның атыраулары, Алакөл, Қошқаркөл және Сасықкөл көлдері кіреді.

Жалпы өткен акция барысында белгіленген уақыт аралығында балық аулауға тыйым салынады. Нақтырақ айтқанда, Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 25 наурыз – 5 шілде аралығында; Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне Аралтөбе ауылы дейін 5 сәуір мен 5 маусым күндері; Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғанда; Іле өзенінің барлық аумағында 15 сәуірден 1 маусым аралығында балық аулауға болмайды.

Ринат Маратұлының баяндауынша, биыл браконьерліктің алдын алу және болдырмау үшін құқық қорғау органдарымен және табиғат қорғау мекемелерімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар жүргізілуде.

Әсіресе, балықтың уылдырық шашу уақытында мамандар су айдындарында кез келген балық аулау құралдары мен катерлерде, моторлы қайықтарда және уылдырық шашатын жерлерде қозғалтқыштары қосылған басқа да жүзу құралдарының болмауын қадағалайды. Осы кезенде заңды бұзған тұлғалар анықталған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

– Уылдырық шашып көбею мезгілінде балық аулауға қатаң тыйым салынады. Алайда тұрғындар ескертуге мән бермей, заңбұзуға барады. Дәлірек айтсақ, «Уылдырық шашу» акциясы барысында, табиғат қорғау заңнамасын 86 адам бұзып, 60-қа тарта балық аулау құралдары, 3 қайық және 1 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді, – дейді Ринат Маратұлы.

Уылдырық шашу мерзімінде заң бұзған тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабына сәйкес, 10–20 АЕК дейiнгi мөлшерінде айыппұл арқалап, балық аулаға қажетті құралдары тәркiленеді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінде көзделгендей, уылдырық шашу мерзімінде балық аулағаны үшін, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях