Қазақстан Алматы облысында атом электростанциясы салынуы мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
– Бұл мәселе кеше ғана көтерілген мәселе емес. Қоғамда ұзақ уақыттан бері талқыланып, зерттеліп келеді. Бұған қатысты қазақстандықтардың пікірі міндетті түрде ескерілетін болады. Сондай-ақ ауданның сейсмикалық тұрғыда, судың қолжетімділігі сияқты түрлі алаң зерделенді. АЭС құрылысына Алматы облысы Үлкен ауылындағы Курчатов алаңында қарастырылды, – деді энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.
Айта кетерлігі, атом электростанциясын салу туралы Мәскеудегі келіссөз барысында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынған.