Соңғы зерттеулер қорытындысы бойынша еліміздегі сүт пен кілегейдің жалпы өндірісінің жартысы, яғни 44,2 мың тоннасы Алматы облысына тиесілі екен, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Бүгінде облыста сүт өндірумен 89 кәсіпорын айналысады екен. Олардың ішінде Еңбекшіқазақ ауданындағы әйгілі «Adal Сүт» ЖШС мен «FoodMaster» АҚ сүт зауыты, Талғар ауданындағы екі зауыт: күніне жалпы 37,5 тонна сүт беретін «Алматы асыл тұқымды мал зауыты» және балалар мен ересектерге арналған емдік-профилактикалық сүт тағамдарын шығарумен айналысатын «Амиран» Қазақ тағамтану академиясының зауыты, көшбасшы болып табылады. Сонымен қатар, Қаратал ауданындағы «ТастобеАгроФуд» ЖШС күніне 10 тонна сүт алады.