Алматы облысында 1300 тонна гуманитарлық көмек жиналды

Алматы облысында 1300 тонна гуманитарлық көмек жиналды

Алматы облысында еліміздің бірнеше өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінде облыста 130 тонна көмек жиналды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жәрдемдесу жұмыстары басталғалы облыстың барлық аудандарында қабылдау пунктері ашылып, ірі кәсіпорындардан бастап жеке азаматтар тарапынан азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника және т.б. заттар әкелуде.
Мәселен, Ұйғыр ауданында орналасқан «Алуа 1» ауылшаруашылық өндірістік серіктестігі 25 келілік 30 қап ұн жіберген. «Ярлин» және «Асар» супермаркеттері, «Саара» көтерме дүкені, «Алаев» жеке кәсіпкерінің орталық дәріханасы ондаған литр күнбағыс майы, ұн, күріш, макарон, қарақұмық, қант, бөтелкедегі суларды берді. Ал облыстық «Қарадала тынысы» және «Қарадала принт» газеттерінің редакцияларына 105 литр май, 105 келі күріш тапсырды.
Сондай-ақ, ең ірі сауда базары «Алтын Орда» кәсіпкерлері көп көмек көрсеткен. Ол жақтанқажетті заттарға толы тұтас жүк көліктер келуде. Бұған қоса «Барон» азық-түлік компаниясы 1 тонна ұн, Zeta – 98 дана қоқыс контейнерлерін жөнелтті. «Бірлік» агрофирмасы 3 тонна күріш, «Динара-Ранч» агрофирмасы 1 тонна күріш, «RG Brends Kazakhstan» ЖШС 6 тонна бөтел кедегі су ал, «Mareven Food» кәсіпорны 10 мың пакет қолдан жасалған жұмыртқа кеспесі және 16 мың қаптама тез дайындалатын кеспе жіберді.
Жалпы бір аптаның ішінде облыс бойынша барлығы үш вагонға сыйатын 130 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Қазір ол өз жолында. Сонымен қатар, бүгін бір топ еріктілер солтүстік өңірлерге аттанды. Сол жерде көмек көрсетуге ниет білдіргендердің көбі жастарымыз.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях