Алматы облысында соңғы тәулікте тағы 114 адам індеттің ілмегіне ілінген. Нәтижесінде кеселдің өсу қарқыны 0,5%-ды құрап отыр, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Қазіргі кезде Жетісу өңірі сары аймақта орналасқан. Деседе, облыстың құрамына кіретін аудандар мен қос қала қызыл аймақтың шеңберінен шыға алмай тұр.
Облыс аудандары арасында 4 аудан мен 2 қала қызыл аймақта тұр, олар Талдықорған, Текелі, Талғар, Ұйғыр, Қаратал және Сарқан.
Сары аймақта – Ескелді, Көксу және Балқаш аудандары. Қалған аудандар жасыл аймақта екені расталған.
Мұнан бөлек, мамандардың айтуынша, бүгінде облыста 14 жасқа дейінгі 10 бала вирус жұқтырғаны анықталып отыр.
Тағы бір айта кетерлігі, облыс тұрғындарының 195 426-сы ауруға қарсы екпенің бірінші бөлігін салдырса, екінші компанентті 101 846 адам қабылдаған.
Облысқа барлығы 1 компаненттен 207 850 доза келіп түсті, оның ішінде 2000 «Qaz-vak», 22 000 «Hayat-vax», 183 850 «Гам-Ковид-вак». 2 компонент 145 210 доза, оның ішінде 2000 «Qaz-vak» және 143 210 «Gam-Ковид-vak» бар.