Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдат Сайланбайұлы 1962 жылы туған. 1983 жылы Қазақтың физкультура институтын «Дене шынықтыру және спорт оқытушысы» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технология магистрі-көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талдықорған қаласының жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің жаттықтырушы болып бастаған. Әр жылдарда Кировск колхозы базарының директоры, «Шаған» ЖШС президенті, «Айсер» ЖШС директоры, Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Көксу ауданының әкімі, Ақсу ауданының әкімі, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған. 2019 жылдың ақпан айынан  Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болды.  Ал, бұрынғы осы  қызметте істеген Айдарбек Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях