Алматы қаласындағы «ақылды» бағдаршамдар саны көбейеді

Алматы қаласындағы «ақылды» бағдаршамдар саны көбейеді

Sorry, this entry is only available in Русский.

Қазіргі таңда Алматы қаласының кейбір көшелерінде жолдардағы автокөліктердің санын талдай отырып, қозғалыс бағдарын реттеп және басқаратын «ақылды» бағдаршамдар жұмыс істеп тұр. Таяуда өткен Қоғамдық кеңестің отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов мегаполистегі аталмыш бағдаршамдардың саны көбейетінін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

– «90 бағдаршамға жарықдиодты шам орнатылады. Ол автоматты түрде көліктерді онлайн режимінде бағыттайды, көлік кептелісі бар көшелерді көріп, жүргізушілерге көлік аз көшелерді көрсетеді. Біз еліміз бойынша бірінші болып осы жаңашылдыққа қол жеткіземіз. Датчиктер бағдаршамдардың әр жарық сигналына орнатылады. Сол арқылы қозғалыс ағынын бақылайды. Биыл біз 27 бағдаршам орнатуды жоспарлаған болатынбыз. Қазір соның 20-сы орнатылды. Қыркүйек айында толықтай жаңа форматқа көшуді аяқтаймыз, осылайша мүмкіндігі шектеулі адамдарға да жағдай жасаймыз. Алдағы бір жарым жылда 50 бағдаршам орнату көзделген», – дейді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, Ерлан Әукеновтың айтуынша Алматы қаласы соңғы 10 жылда қала екі есе өскенімен бағдаршамдар саны өзгеріссіз қалған. Осы ретте алдағы уақытта Алматы қаласы әкімінің берген тапсырмасының аясында «100 бағдаршам» жобасы іске асырылып, тағы 200 бағдаршам орталықтағыдай қала сыртындағы көшелерге де қойылатын болады. Бұл жобаны асыру үшін жарты жыл уақыт кетеді, сондықтан жоба келесі жылы жүзеге асырылатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях