Алатау қаласының әкімі тағайындалды

Алатау қаласының әкімі тағайындалды

Алматы облысында жаңа құрылған Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған. Сондай-ақ Карнеги Меллон университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып, оны 2010 жылы бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, Президенттің жас таланттар пулының мүшесі.

Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі жұмыс атқарған.
Соңғы атқарған қызметі бойынша лауазымы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях