Алар орны айрықша

Алар орны айрықша

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай қала әкімі Асқар Мұқашев Қаскелең қаласына қарасты сегіз мектептің директорларын қабылдады. Жоғарғы біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған педагогтарымыздың басын қосқан бұл жиында Асқар Өкенұлы алдымен  құттықтауын жеткізді.

– Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал, жас ұрпақтың – тағдыры ұстаздардың  қолында, – деп қала басшысы өз сөзін осылайша жалғастырды. – Ұстаздар қауымының қоғамдағы алар орны айрықша. Өсіп келе жатқан жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы мұғалімдер алдында тұрған аса маңызды міндеттер тұр. Осы бір қызығынан қиындығы көп, жауапкершілігі мол мамандықтың өкілдеріне бар жақсылықты тілеймін.

Мұнан кейін бұл басқосудың себепкері болып отырған мереке иелеріне арнайы сыйлықтарын табыс етті. Өз кезегінде осынау сый-құрметке риза болған мереке иелері қала әкіміне деген ризашылықтарын білдіріп, оның қатысуымен мектептердегі  біраз түйткілді мәселелердің шешімін тапқандарын да айтып өтті.

Егемен еліміздің ертеңін тәрбиелейтін мұғалімдердің қоғамдағы орны айрықша, тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеп-өсуі де ұстаздардың үлкен еңбегіне байланысты. Ендеше, оларға осындай құрмет-сый көрсетудің де өзіндік үлкен орны, жөні бар.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях