Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев сұхбат беріп, төртжылдық доданы қорытындылады деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Токиоға алтын медаль аламын деген арманын арқалап барған Нұрислам Санаев бүгінде үшінші орынға шүкірлік етуде. Барша жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, үндістандық қарсыласы жайлы айттып берді.
«Ол өте мықты балуан. Мен де бар күшімді салдым, бірақ жеңіске сәл жетпей қалды. Қалай ұтылғанымды өзім де түсінбей қалдым. Үнді балуаны мен үшін өте ыңғайсыз қарсыластардың бірі. Оң жамбасыма келмеді.» – деп баяндады Нұрислам.
Спортшы алдағы жоспарларымен бөліспесе де, дайындығын тоқтатпайтынын айтты. Олипиадада жүлдегерлер қатарына қосылу, әр спортшы үшін қуаныш екендігін айтып, сөзін аяқтады.