Бүгін аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ұйымдастыруымен «Аштық жоқ әлемде саламатты тамақтану» тақырыбында акция өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы .
Акцияның мақсаты инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша насихат жұмыстарын жүргізу. Аталған жоспарға сәйкес ақпараттандыру шарасы бұл күні қос өндіріс орнында жалғасты. Яғни, ауданымыздағы Бұлақты ауылындағы көшенің бойындағы қатар тұрғызылған «GOLD САПА» нан және нарықта «Diamond» маркасымен танымал қамыр зауыттарында аталған шара өткізілді. Аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Олжабаев бастаған мамандарды өндіріс орнының директорлары ыстық ықыласпен қарсы алып, акцияның өтуіне өз үлестерін қосты. Ал, ақпаратты шараны аталған нысанда өткізілу бекерден емес. Себебі 16 қазан – халықарылық деңгейде Нан және азық-түлік күні болып белгіленген. Соны негізге алып, аудандағы нан өндірісінің сапасы жағдайын қарастыру еді.
Оның барысында ұннан жасалған тауарлар дайындайтын өндіріс орындарындағы құрылғылардың жұмыс жасауы мен тазалығына зертханалық тексеріс жүргізілді. Сонымен қатар, ұйымдасқан топ мүшелері мекеме қызметкерлеріне денсаулық және жеке бас гигиенасы жайлы айтса, ал, басшылығына – тамақ өнімдерінің дұрыс дайындалуы жайлы ақпараттандырды. Атап айтқанда, Нұрлан Кенжебекұлы «Дұрыс тамақтанбаудың адам ағзасына зияны» туралы мәлімет берсе, Сая Усербаева «Ұнды фортифицикациялаудың» маңыздылығын сөз етті. Аудандық ауруханың дәрігері Дана Тәждинова инфекциялық емес аурулардың алуына зор мүмкіндік туғызатын «Өндірісте тұз бен қантты шектеу» маңыздылығы жайлы айтты. Арнайы келген мамандардың өндіріс орындарының жұмыскерлеріне пайдасы зор болғаны бірден байқалды. Себебі, олар өздерін толғандырған денсаулық сақтау саласына байланысты қойылған сұрақтарына мардымды жауаптарын алды. Сонымен қатар, Дана Бектұрғанқызы жүрек қан тамыры, қатерлі ісік, қант диабеті және артериялық қысымның жоғарылауы сынды аурулардың алдын ала анықтау үшін жылына бір рет ауруханаларда скринг өтуге шақырды.