Қай жолдар 1 қазаннан бастап ақылы болады?

Қай жолдар 1 қазаннан бастап ақылы болады?

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы 1 қазанда пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір Нұр-Cұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын.

Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.

Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде,  2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

«Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.

ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар», деп жазылған хабарламада.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях