Абзал жандар ардақталды

Абзал жандар ардақталды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Қарасайлық ақ желеңділер жиналған шараға аудан әкімі Махаббат Бигелдиев арнайы қатысып, құттықтады. Адамға өмір деген бақыт сыйлай алатын мамандықты игерген абзал жандарға шын жүректен ізгі тілегін арнап, ауданымыздың денсаулық сақтау саласындағы бірқатар деректерге де тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінгі таңда мұнда еңбек ететін 1285 медицина қызметкерлерінің арасында үш медицина ғылымының кандидаты, он төрт «Үздік дәрігер» және бес «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалінің иегерлері бар екенін алға тартты. Қолға алынған көп жұмыстың жемісті нәтижесі ретінде былтыр ауруханада «Олимп» зертханасымен бірге жоғары технологиялық диагностика орталығы ашылғанын, «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде отбасылық денсаулық мекемесін салу үшін жер телімі сатып алынғанын, бірқатар амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізілгенін, өткен жылдың қорытындысы бойынша, Үшқоңыр ауылдық ауруханасы облыс көлемінде ең үздік болып танылғанын тілге тиек ете келе, елеулі еңбектері үшін жиналған мереке иелеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерді өзінің атынан Құрмет Грамотамен және Алғыс хатпен марапаттады. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін, Ұлттық Медициналық Ассоциациясынан «Алтын Дәрігер» медалі Райымбек ауылдық дәрігерлік амбулаториясының  меңгерушісі Роза Кенбаеваға және Шалқар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының балалар дәрігері Оңғар Садибековқа, сондай-ақ, «Медицина саласының үздігі» медалі аудандық перзентхана дәрігері  Ғани Қалдыбайұлына салтанатты жағдайда табыс етілді.

Әрі қарай бастау алған концерттік бағдарлама да өзінше ерекшеленіп, онда кәсіби әншілермен қатар, мереке иелері де өз өнерлерін көрсетті. Бұл ретте аудандық аурухана медбикелерінен құрылған «Ақ халатты арулар» тобының мың бұралған билерін, Үшқоңыр ауылдық ауруханасының дәрігерлері Жарас пен Мөлдірдің әдемі әндерін айрықша атап кетуге болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях