Абыз қартты құттықтап, сәлем берді

Абыз қартты құттықтап, сәлем берді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қарияларға құрмет көрсетіп, сәлем беру – қазақтың қашаннан қалыптасқан халықтық қасиетінің бірі.

Әз-Наурыз тойы кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Аңсар Мұсаханов Қаскелең қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының, Қарасай ауданының Құрметті азаматы, елі сүйген, елін сүйген Елбасының ұстазы, жасы жүзге таяп қалған абыз қарт Сейітхан ата Исаевтың үйіне барып, сәлем берді, көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

  • Қадірлі Сейітхан ата, – деді сенатор Аңсар Тұрсынханұлы атап айтқанда, – өзіңіз сияқты елге еңбегі сіңген, бүкіл өмірі мен қызметі үлкен үлгі-өнегеге толы ұлағатты ұстаз, ардақты ақсақалдың халықтың арасында айрықша сый-құрметке ие екені белгілі. Алда да Тәуелсіз Республикамыздың керемет жетістік-жеңістеріне куә болып, қуана отырып, ұзақ жасай беріңіз!

Мұнан кейін Сейітхан Ахметұлы Наурыз мейрамы тойланып жатқанда келіп құттықтаған халық қалаулысына аса ризашылығын білдіріп, ақсақалдық игі тілегін айтты, ақ батасын берді.

  • Айналайын Аңсар балам, көп жаса, халыққа арналған қызметің жемісті болсын. Мемлекетіміздің Заң шығарушы органындағы істеріңе табыс тілеймін! – деді Сейітхан ата. – Мына ашық күнін, ақ көңілін алаңдамай алып келіп, жедел жеткен жаңа жылымыз – Наурыз да жақсылық, жаңалыққа толы болсын! Мәңгілік елді құрып жатқан халқымыз бен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы аман болсын! Азды-көпті еңбегімді елеп, осындай құрмет көрсеткендеріңе көп рахмет! Жалпы, мен 1917 жылы, «қой қоздап, қорада шу болып» жатқан кезде дүниеге келіппін. Ал, бұл көктем уақыты деген сөз ғой. Ендеше, жүз жасқа да келіппін, бұл да бір құдіреті күшті Алланың шапағаты шығар.

Ғасыр жасаған қарияның үйінде сенатор Аңсар Мұсахановпен бірге аудан әкімі Махаббат Бигелдиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях