Абыройы асқақ Астанаға арналды

Абыройы асқақ Астанаға арналды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ел абыройын асырып, айдай әлемге танытқан айбарлы Астанамыздың төл мерекесін Елбасының жерлестері – қарасайлықтар да қуанышпен қарсы алып, салтанат-сәнімен атап өтті.

Қаскелең қаласының орталық алаңында өткен шараға аудан тұрғындары көтеріңкі көңіл-күйде көп жиналды. Патриоттық сарындағы әндерге құрастырылған жастардың әдемі флешмоб биінен соң ортаға аудан әкімі Махаббат Бигелдиев шығып, көпшілікке, мерекеге орай, жылы лебізін арнады.

Ел тарихында аз уақытта өзіндік биігіне ие болып, дүние жүзіне әйгілі қазақ елінің бас қаласына айналған әсем Астананың негізін қалаған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен ерлігіне тоқталған аудан басшысы мемлекетіміздің бүгінгі толайым жетістіктерінде ырыс пен ынтымақты ту еткен барша қазақстандықтардың үлесі бар екендігін де алға тартты.

Алда да осы татулық пен береке-бірліктен таймай, Елбасының бастауымен жарқын болашақ пен кемел келешек жолында қажырлы еңбек етуге шақырып, жиналғандарға жақсы тілегін арнады.

Мұнан кейін, ауданымыздың өркендеуі үшін аянбай тер төгіп, алдан көрінген бірқатар жандарды, атаулы күнге байланысты, марапаттады. Атап айтқанда, бұл күні жеке кәсіпкер Ж.Әйекешова мен Ұмтыл ауылдық мәдениет үйінің директоры Қ.Ізмаханов аудан әкімінің Құрмет Грамотасына, ал, аудандық орталық аурухана директорының орынбасары А.Тұрсынқызы, аудандық жұқпалы ауруханалар ауруханасының медбикесі Т.Рябинина және Белинский орта мектебінің мұғалімі М.Сәрсенғалиева Алғыс хатына ие болды.

Әрі қарай, шымылдығын «Астанаға арнау» әнімен ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ғ.Садықова ашқан мерекелік концерттік бағдарламаны көпшілік сүйсіне тамашалады. Әсіресе, ондағы «Үшқоңыр» фольклорлық, этно-мәдени, ән-би ансамблінің өнері көпшілікті ерекше тәнті етті.

Ал, салтанатты жиын көздің жауын алар әдемі отшашумен түйінделді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях