Ақшолпан Марат-филиал төрағасының бірінші орынбасары

Ақшолпан Марат-филиал төрағасының бірінші орынбасары

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы активінің жиналысы болып, оған аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, мектеп директорлары, мекеме, ұйым басшылары, партия белсенділері қатысты.

Жиналысты  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, бұл басқосу партияның Қарасай аудандық филиалы төрағасының жаңа бірінші орынбасарын таныстыруға арналып отырғаның атап айтты. Облыс әкімі Амандық Баталовтың және өзінің ұсынуымен, сондай-ақ, партияның орталық аппаратының келісімімен, облыстық филиал төрағасы бірінші орынбасарының бұйрығымен бұл қызметке Марат Ақшолпан Қайратқызының тағайындалғанын баяндады.
Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы сөйлеп, Ақшолпан Мараттың өмірбаянымен таныстырды.

– Қазіргі кезде партияның жұмысын жаңғырту, кадрларын жаңарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Партияның кадрлық резерві қалыптастырылуда, – деді ол. – Бізге партия ісіне, халыққа әбден берілген, отаншыл, елмен жұмыс істей білетін адамдар керек. Ақшолпан Қайратқызын солай деп есептейміз. Өйткені, жас та болса, біраз қызмет баспалдағынан абыроймен өткен жауапты басшы, білімді маман.
Мұнан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев сөз алып, Ақшолпан Қайратқызына аталық ақ тілегін арнап, ақ батасын берді.
– Бұл өте жауапты жұмыс, – деді жиналыста аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы тағы да. – Себебі, халыққа ең жақын, нақты жұмыстармен шұғылданатын партиямыздың төрағасы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сондықтан да елдің сенімінен шығу керек, халықтың үмітін ақтау қажет. Өзініз осы  қасиетті Қарасай жерінде туып-өстіңіз, осы жерде бірталай қызмет еттіңіз.   Ел- жұртпен қоян-қолтық араласып, жағдайын жетік білесіз, былайша айтқанда, бүкіл ауданды жақсы білесіз. Ендеше, ісіңізге сәттілік тілейміз!
Жиналыс соңында «Нұр Отан»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат сөйлеп, өзіне көрсетілген үлкен   сенім үшін шын жүректен шыққан алғысын айтты.

Марат Ақшолпан Қайратқызы

1986 жылы  24 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2007-2008 жылдары ҚР Әділет Министрлігі тіркеу қызметі комитетінің Қостанай облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының мүлікті техникалық тіркеу жөніндегі маманы, мүлік тіркеуші, 2010 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы почта байланыс торабының операторы, 1-санаттағы маманы болған.

2010-2014 жылдары Алматы облысы, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі – бас есепші қызметін атқарған.

2014-2016 жылдары Жамбыл ауылдық округінің әкімі, 2016-2017 жылдары Қарасай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып істеген.

2017 жылдың 8 қарашасынан осы уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях