Демалыс күндері Америка Құрама Штаттарының бірнеше әуежайында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Коронавирусқа байланысты АҚШ әуежайларында әрбір адамға «кеңейтілген скринингтер» жасалуда. Мыңдаған адам 13 мемлекеттік терминалда телміріп тұруға мәжбүр болған. Жоғарыдағы суретте Еуропадан үйлеріне оралған жолаушылар көрсетілген. Олардың арасында алты сағаттап кезек күткендері де бар. Иммигранттардың айтуынша, әуежайдағы 60 арнайы кабинаның алтауы ғана жұмыс жасаған. Тіпті, қызметкерлер өзге елден ұшып келген азаматтарды дезинфекция құралдарымен, медициналық маскалармен де қамтамасыз етпеген. «Ешкімнің дене қызуын өлшеген жоқ», дейді жолушылар.