АҚШ-тың бас инфекционистінің айтуы бойынша, кейбір науқасқа вакцинаның үшінші дозасы керек

АҚШ-тың бас инфекционистінің айтуы бойынша, кейбір науқасқа вакцинаның үшінші дозасы керек

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы халықтың бір бөлігіне COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын егу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды karasayinfо желілік басылымы, Reuters сайтына сілтеме жасап

АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фауки Ақ үй болашақта халықтың кейбір тобына вакцинаның үшінші дозасын салуды ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Оның айтуынша, иммунитеті әлсіреген адамдарға COVID-19 вакциналық препаратының үдеткіш дозасын қолдану қажет болуы мүмкін.

«Транспланттау бойынша операция жасатқан, обырдан химиотерапиядан өтіп жатқан, иммунодепрессанттар қабылдайтын аутоиммундық аурулары бар науқастар қатарында коронавирусқа қарсы үшінші дозаны бірінші болып алады», – деп түсіндірді Фаучи.

Фауки вакцина алған адамдарда иммунитет әлсіреуі мүмкін екенін айғақтаған кейінгі зерттеулерге сілтеме жасап, мамандар күшейткіштердің қашан қажет болатынын анықтау үшін деректерді зерттеп жатқанын айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях