Терроризм мен экстремизм туралы

Терроризм мен экстремизм туралы

Sorry, this entry is only available in Русский.

Аудандық орталық кітапханада терроризм мен экстремизм мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Соңғы жылдары халықарлық терроризмнің ауқымы, оның келтірген залалдары мен жиілігі адамзаттың үлкен мәселелерінін біріне айналды. Осы ретте кеше аудандық орталық кітапханада терроризм қауіпсіздігіне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының оқытушысы Руслан Асаубаевпен кездесу өтті. Бұл жиынның мақсаты – діни экстремизм көріністерін ескерту және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, тұрғындарды террористік акциялар жасалған жағдайда тәртіп, ережелерге үйрету.

[su_custom_gallery source=»media: 8837,8836,8839,8838,8840″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Басқосу барысында Руслан Айтқалиұлы жаңа діни қозғалыстар тақырыбында әңгіме өрбітіп, олардың сипаттары мен ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы деструктивті діни ұйымдарға қатысты мәселелердің маңыздылығы сол, халқымызға жат діни және псевдодіни ағымдармен күрес күн тәртібінде тұр. Бұл тұрғыда осындай ағымдардың деструктивті әсеріне жастардың көптеп ұшырайтыны тілге тиек етілді. Сондай-ақ, біреулердің жетегінде кетпей, өзіміздің дәстүріміз бен мәдениетімізге тән діни сана қалыптастыруымыз қажет екені еске салынды. Мұндай шаралар бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда ауадай қажет болып табылатындығын айтып, еліміздегі соңғы жылдары орын алып жатқан қайғылы оқиғаларды мысалға келтіріп, үнемі сақтанып жүруге кеңес берді.

Жиын соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях