«7-20-25» бағдарламасының мүмкіндігі (Видео)

«7-20-25» бағдарламасының мүмкіндігі (Видео)

7 және 9 қабатты «Қарлығаш» тұрғын үй кешені заман талабына сай, сәулеті мен сәні жарасқан баспаналардың бірі. Әр қабаты 3 типті пәтерлердің аумағы бойынша орналасқан. Оның ішінде жалпы ауданы бойынша 1 бөлмелі пәтердің аумағы 42,4 шаршы метр болса, 2 бөлмелінің көлемі 64,5 және 61,2 шаршы метрмен шектелген. Ал, 3 бөлмелі баспананың аумағы 87,9 шаршы метр.

Жалпы, бұл шағын ауданда тұрғындар үшін барлық жағдай жасалып, керекті дүниелермен қамтамасыз етілген. Нақты айтқанда, сыртқы аудан көлемі балаларға арналған ойын және спорт алаңдарымен ерекшеленсе, осы тұрғын үйдің іргесінде заманауи мемлекеттік серіктестікпен 150 орындық «Қарлығаш» балабақшасы да арнайы тұрғызылған. Сонымен қатар, оның маңында, көлік жуу мен техникалық жөндеу бекеттерінің және автотұрақтың құрылысы басталып кеткен. Ал, тоғыз қабатты үйдің бірінші қабаты сауда нүтелерілеріне беріледі деген жоспар да бар екен.

Сонымен, осы тұрғын үй кешенінде өзіңіздің армандаған шаршы метріңізді алу үшін ең алдымен, не естеу керек? Бұл сұраққа Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай сұхбатта мынадай түсінік берді.

  1. «7-20-25» бағдарламасына кім қатыса алады?
  2. Шарттары қандай?
  3. Екінші деңгейлі банктердің қайсысы осы бағдарламамен серіктестік жасауда және қарызды мерзімінен бұрын өтеуге болады ма?
Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях