Алматы қаласында масканы ірі көлемде шетелге шығарып, сатпақ болған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ҰҚК мен ІІМ-нің бірлескен операциясының нәтижесінде жалпы соммасы 38 млн. теңге болатын медициналық бетперденің ірі партиясын елімізден заңсыз шығармақ болған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.
Ресми мәліметке сүйенсек, ұсталғандар – аса ауыр қылмыс жасап сотталған, деструктив діни ағымының өкілдері.
– Ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілдері маскаларды отандық және шетелдік кәсіпкерлерден бопсалау және алаяқтық жолмен алған. Олар қазақстандық дәріханаларды уақтылы маскалармен қамтамасыз еткісі келген, – делінген порталдағы ақпаратта.
Қылмыскерлер қорқыту арқылы «заңға бағынатын азаматтардың кейбірін» заңсыз әрекетке баруға итермелеген. Олар алыпсатарлықпен және шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысқан.
– Қылмыстық топтың мүшелері қаражатты күнделікті нанға емес, өз қажеттілігіне жұмсаған: қымбат көліктер мен құнды заттарды сатып алу, мейрамханаларға бару және «табысты» өмірдің басқа да атрибуттарына жұмсаған», – деп түсіндірді полиция.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деструктив діни ағымының 3 өкілі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Шығынның орнын толтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.