Енді Талдықорғанда студенттерге арналған бассейн бар

Енді Талдықорғанда студенттерге арналған бассейн бар

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері енді өз бассейндерінде жүзіп үйренетін болады. Жаңа гидротехнологиялық нысан университет қаржысына салынды. Салтанатты ашылу шарасына облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, ЖОО ректоры Қуат Баймырзаев қатысты, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

 Жалпы, бұл жабық бассейннің көлемі 3644,20 шаршы метрді құрайды. Нысан құрылыс талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сай салынған. Байссейнге кіретін жеке кіреберіс, киім ауыстыратын орын, сауна, ванна, жаттықтырушы мен жұмысшыларға арналған бөлме, спорт инвентарын тазалап, сақтауға арналған арнайы бөлме, дезинфекциялық заттар барлығымен қамтылған. Әкімшілік және медициналық кабинеттер де бар. Одан бөлек суды тестілеуден өткізуге арналған зертханамен қамтылған.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жақында Талдықорған қаласында олимпиадалық үлгідегі жабық бассейн ашылған. Жаттығуға үш мыңнан аса бала жазылып, мыңнан астамы жүзу үйірмесінде дайындалуда. Биыл Елбасы тапсырмасы аясында аймақта 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолдануға берілді. Тағы төртеуінің және 150 воркаут-нысан құрылысы жүргізілуде.

Ал, университет ректоры Қуат Баймырзаевтың айтуынша облыс әкімінің қолдауымен салынған студенттерге арналған заманауи жатақхананың арқасында Жетісу университеті республика бойынша студенттерді әлеуметтік қамту бойынша бірінші орын иеленгенін айтты. Аталған жоғарғы оқу орнында  бүгінде алты мыңнан астам студент білім алып жатыр екен. Оның 450-і облыс әкімі грантының иегері.

Айта кетерлігі, бассейнің құрылысы былтырғы жылы басталған. Алдағы уақытта бұл жерде университет қызметкерлері мен студенттері арнайы бекітілген кесте бойынша бассейнге келіп, жаттыға алады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях