290 қарасайлық отбасыға көмек көрсетіледі

290 қарасайлық отбасыға көмек көрсетіледі

Ауданымызда «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ел тірегі –Елбасы» атты қайырымдылық акциясы аясында 290 отбасыға азық-түлік себеттері таратылатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

 

Жақында «Halyk Bank» АҚ «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» атауымен кең ауқымды қайырымдылық акциясын бастады. Бұл жолғы шара Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен Әз-Наурыз мерекесіне орай қолға алынған ірі науқан мақсаты – COVID-19 пандемиясы салдарынан жарияланған карантин кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету. Республикамыздың барлық өңірлерін қамтыған бұл ізгі шарадан қарасайлықтар да тыс қалмады. Нақтырақ айтқанда, өткен аптаның жұмасында ауданымызға аталмыш акция аясында 870 азық-түлік себеттері жеткізілді. Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанованың айтуынша, келген себеттер 3-4 күннің ішінде толықтай ауданымыздағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 290 аз қамтылған отбасыға әкімдік қызметкерлері және еріктілердің көмегімен таратылатын болады.

Салмағы 50 келіден асатын азық-түлік себеттеріне күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит сияқты ең қажетті деген заттар кіреді. Қор басшылығының айтуынша бүгінде еліміздегі әл-ауқат үшін барлығы бірдей жауапты болғандықтан олар аталмыш акцияны осы жылдың өзінде бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр екен.

Тағы бір айта кететіні, «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асып жатқан акция аясында көптеген меценаттардын қолдауымен 15 000-нан астам азық-түлік себеттері жасалды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях