Пандемияға байланысты атақты дизайнерлерге өз жоспарларын өзгертуге тура келді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. Киім жиынтықтарын ұсыну үшін қысқа фильмдер түсірді. Біреуі онда ертегідегідей орман көрсетіп, модельдері су перілері мен нимфалар кейпінде шыққан. Ал тағы біреуі Париждің қаңырап қалған көшелерінде мода көрсетілімін ұйымдастырыпты. Ал кейбір сән үйлері тіпті биылғы байқауға қатысудына бас тартып, өз киім жиынтықтарын келесі жылдың қаңтар айында көрсететін болды.
– Кутюрье идеясы жағынан түс көрумен, қиялмен ұқсас деп ойлаймын. Ал егер арман ұсынып отырсаң, жұртты өз қиялыңа шақыруыңа болады. Осылай маған фильм түсіру ойы келді. Осындай сезімдерді тек кино жеткізе алады деп санаймын, – деді Dior мода үйінің шығармашылық директоры Мария Грация Кьюри.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать