Әнші Айқын Төлепберген өзінің Instagram желісіндегі парақшасында COVID-19 жұқтырып алғанын жазды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды. ПТР-ға тапсырдым, әлі дайын болмады. Мені қайта аяққа тұрғызып, тәубетімді қайтарған барша медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің», – дейді әнші.
Төлепберген аурудың барына сенбейтіндерге үндеу жасады.
«Барша сенбегіштерге айтарым, үйде отырыңыздар. Екі-үш жетіде Алла қаласа басыла бастайды деп ойлаймын негізгі толқын. Себебі жан-жақта бәрі не ауырып жатыр, не ауырып шықты. Мен сияқты жас жігітті аяқтан жеңіл жығып құлатқан бұл дерт өте қауіпті! Ең қуантарлығы, толық жазылған соң «смело» жүре беруге болады», – дейді әнші.
Ақылсыз «смельчактар» вирустан да қауіпті!!!
Солай жата тұршы.
Қуантарлығы сол сияқты!